Қарағандыда «емші» мен «балгерге» сенген қария 15 млн теңгесінен айырылды

Қарағандыда «емші» мен «балгерге» сенген қария 15 млн теңгесінен айырылды
Polisia.kz

Қарағандыда өзін емші әрі балгер ретінде таныстырған үш әйел 78 жастағы зейнеткерді алдап, 15 миллион теңге тұратын алтын бұйымдары мен ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған. Көшеде жолыққан әйелдер қарияға «қарғыс барын» айтып, одан арылу үшін түрлі ырым-жоралғы жасаған. Кейін алтын бұйымдары мен ақшасын газетке орап беруді сұрап, орнына мөрленген түйіншек ұстатқан.

Сол түні түйіншекті ашқан зейнеткер ішінде бос қағаз ғана жатқанын көріп, полицияға жүгінген.

Жедел іздестіру барысында күдіктілер Теміртауда ұсталды. Олар Павлодар, Алматы және Жетісу облысының тұрғындары болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды өзін балгер немесе емші ретінде таныстырып, ақша не бағалы зат талап ететін алаяқтарға сенбеуге шақырды.