Қарағандыда 56 жастағы ер адам TikTok-та әйел кейпіне еніп, заңсыз контент таратқан

Қарағандыда 56 жастағы ер адам TikTok-та әйел кейпіне еніп, заңсыз контент таратқан
webpromo.kz

Қарағанды облысында полиция TikTok әлеуметтік желісінде құқыққа қайшы контент таратқан 56 жастағы ер адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ult.kz.

Еркін Жантықпаев әлеуметтік желіде әйелдердің киімін киіп, қоғамдық тәртіп пен заң талаптарына қайшы мазмұндағы тікелей эфирлер жүргізген. Полиция мәліметінше, ол желі арқылы балалармен де танысқан.

Аталған факті бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар оған ресми ескерту жасалды.

Полиция өкілдері оның әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті. Қазір ер адам әлеуметтік желідегі аккаунттарын жойған. Полиция тарапынан оған қатысты бақылау жалғасып жатыр.

Егер ескерту талаптарын қайта бұзса, оған заңнамаға сәйкес қатаңырақ жауапкершілік қолданылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілерде заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке қайшы және құқыққа сыйымсыз контент таратпауға шақырды.