Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызы Сезімге қатысты жазба жариялап, оқырмандарынан көмек сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
Қайрат Нұртастың жары Лондонда білім алып жатқан қызы мен оның құрбыларына пәтер жалдау үшін guarantor, яғни кепілгер қажет екенін айтқан.
Оның сөзінше, кепілгер Ұлыбританияда тұратын, жылжымайтын мүлігі бар, ресми табысын растай алатын адам болуы керек. Сонымен қатар оның табысы жеткілікті деңгейде, кредиттік тарихы жақсы болуы және агенттік жүргізетін тексерістен өтуге дайын болуы қажет.
Әбдікәрімованың айтуынша, студенттер үшін агенттік арқылы қосымша кепілдік рәсімдеу қиындық туғызып отыр. Сондықтан талаптарға сай келетін немесе сондай адамды танитын жандардан көмек сұраған.
«Лондонда оқитын қызымызға және оның құрбыларына пәтер жалдауға guarantor іздейміз. Көмектесе алатын немесе осындай адамды білетін жандар болса, жеке хабарламаға жазсаңыздар екен. Барлық шарттар мен қажетті құжаттарды жеке түсіндіріп береміз», – деп жазды ол.