Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Ақорда. Суретте: Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды ult.kz.

Елорда әуежайында оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Ақорданың ресми YouTube арнасы Астана әуежайынан тікелей эфир жүргізді.