Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, оның әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екенін атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.
– Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, – делінген құттықтауда.
Естеріңізге саламыз, Елена Рыбакина - US Open чемпионы атанды. Турнирінің финалдық кездесуінде қазақстандық ойыншы Елена Рыбакина екі жыл қатарынан осы жарыстың чемпионы атанған Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.