Теннистен АҚШ-та өтіп жатқан US Open «Үлкен Дулыға» турнирінің финалдық кездесуінде қазақстандық ойыншы Елена Рыбакина екі жыл қатарынан осы жарыстың чемпионы атанған Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ult.kz.
Айта кетейік, 1887 жылдан бері өткізіліп келе жатқан US Open турниріндегі Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстанға бұл бәсекеде чемпион атанған 19-шы ел мәртебесін әкелді.
Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина өз мансабында үшінші мәрте ең ірі турнир саналатын «Үлкен Дулыға» жарысының жеңімпазы атанды. Спортшымыз бұған дейін 2022 жылы «Wimbledon» және 2026 жылы «Australian Open» бәсекесін жеңіп алған еді.
US Open турнирін жеңгенінің арқасында Елена Рыбакина 5,5 млн АҚШ доллары сыйақысын иеленіп, әлемдік рейтингте жеке-дара көш бастады. Сондай-ақ ол жылдың қорытынды турниріне де жолдама алды.