Песков Тоқаевтың Путин туралы сөзіне пікір білдірді

Песков Тоқаевтың Путин туралы сөзіне пікір білдірді
Ақорда

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси тұрғыдан өте мықты тұлға деп атады. Кремльдің ресми өкілі бұл туралы«Вести» ақпараттық жүйесіне арналған сұхбатында айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Песков Тоқаевтың Ресей президенті Владимир Путинді атап өткен сөзін бағалады.

«Президент Тоқаев – саяси тұрғыдан өте мықты адам. Өте мықты, орасан зор ресурсы бар тұлға. Осындай саяси көрегендігі, табандылығы мен дәйектілігі бар адамдар ғана мұндай мәлімдемелер жасай алады. Басқалары мұны жасай алмайды», – деп атап өтті Песков.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді жақсы білетінін айтып, Ресей президентінің тарихы күрделі ірі мемлекетті басқаруға қажетті қасиеттерге ие екенін мәлімдеген болатын.