Freedom Inside '26

Павлодарда зиратқа кірген бозбалалар күзетшіні жаралап кетті

Павлодарда зиратқа кірген бозбалалар күзетшіні жаралап кетті
azattyq-ruhy.kz

Павлодарда зират күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған 66 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған бір топ жасөспірім зират аумағына заңсыз кірген. Оларды тоқтатуға әрекеттенген күзетшіге шабуыл жасалып, оған бірнеше пышақ жарақаты салынған.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің зиратқа «әруақтарды шақыру» мақсатында барғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметке құқық қорғау органдары әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.