Павлодарда сәбиімен бірге келе жатқан әйелдің басына мұз кесегі құлаған оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.
Павлодарда сәбиімен бірге келе жатқан әйелдің басына мұз кесегі құлаған оқиғаның мән-жайы белгілі болды.
Полицияның мәліметінше, көпқабатты үйдің балконында тұрған қыз мұзды сындырмақ болған. Алайда мұз қолынан сырғып кетіп, дәл сол сәтте төменде өтіп бара жатқан әйелдің басына түскен.
Белгілі болғандай, оқиғадан кейін балалар қатты қорқып, болған жайтты ешкімге айтпаған.
Тексеру қорытындысы бойынша қыздың ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Павлодарда әйелдің басына мұз кесегінің құлауына қатысты оқиғаның мән-жайын полиция анықтады.