Пара алған екі судья 9 жылға сотталды

Пара алған екі судья 9 жылға сотталды
ашық дереккөзден

Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьясы пара алғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертай сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Сот үкімі 18 қыркүйекте шығарылған. Екеуіне де 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, сот төрағасы мен судья ірі мөлшерде пара алған. Олар биыл қаңтарда ҰҚК қызметкерлерінің арнайы операциясы барысында ұсталған.

Сотталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтары бойынша жауапқа тартылған.

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.