Өз үйінде шабуылға ұшыраған кәсіпкер әйел қаза тапты

Өз үйінде шабуылға ұшыраған кәсіпкер әйел қаза тапты
Видеодан скриншот. ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка кентінде белгілі кәсіпкер әйелдің отбасына қарулы шабуыл жасалып, салдарынан әйел қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасының мәліметінше, оқиға 23 шілдеде болған. Белгісіз адамдар жеке тұрғын үйге басып кіріп, ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған.

Оқиға салдарынан кәсіпкер әйел көз жұмған. Ал оның күйеуі түрлі жарақатпен Өскемендегі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әйел тұншықтыру салдарынан қаза болуы мүмкін. Шабуыл кезінде үйде ерлі-зайыптының немерелері де болған, олар зардап шекпеген.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті аталған факті бойынша аса ауыр қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында цифрлық технологиялар мен тұрғындардың көмегінің арқасында күдіктілердің жеке басы анықталған.

«Күдіктілер өңірден тыс жерге қашып кетпек болған кезде ұсталды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.