Өскеменде такси жүргізушісі зейнеткерді телефон алаяқтарынан құтқарып қалды

Өскеменде такси жүргізушісі зейнеткерді телефон алаяқтарынан құтқарып қалды
Видеодан скриншот

Өскеменде такси жүргізушісі Төрежан телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздаған зейнеткерді 1,5 миллион теңгесінен айырылып қалудан құтқарды, деп хабарлайды ult.kz.

«Еуразия» бірінші арнасы мәліметінше, жүргізуші жолаушының мазасыз күйін байқап, оған қайта-қайта қоңырау шалып жатқан адамдардың әрекетінен күмәнданған. Әйелдің банк шотындағы ақшаны «қауіпсіз есепшотқа» аудармақ болғанын білген соң, көлікті тоқтатып, туыстарымен байланысқан.

Кейін Төрежан алаяққа хабарласып, жолақысын төлеуді сұраған. Ірі соманы алуға асыққан қаскөй жүргізушінің шотына 2 мың теңге аударып жіберген.

Осыдан кейін жүргізуші зейнеткерді үйіне жеткізіп, сақтық шараларын түсіндірген. Оның қырағы әрекетін inDrive компаниясы арнайы марапатпен бағалады.