Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды

Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды


Өскемен қаласында көлік қаққан ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні сағат 23.00 шамасында Өскеменнен Семейге шыға беріс жолда болған.

«ВАЗ-212014» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Нұрлы көш ауылының маңында 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.