Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін: Ақмолада автовоз апатқа ұшырады

Рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін: Ақмолада автовоз апатқа ұшырады
Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында жаңа автокөліктерді тасымалдап бара жатқан автовоз жол жиегіндегі орға аударылды. Апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, жүк көлігіндегі бес пикап бүлінген, деп хабарлайды ult.kz.

Жол-көлік оқиғасы 25 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 300-шақырымында, Перекатное ауылының маңында болған. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Полицияның мәліметінше, FAW маркалы автовоздың жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі орға аударылған.

Жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, ол рөлде келе жатып ұйықтап кетуі мүмкін. Дегенмен полиция бұл нұсқаны әзірге растаған жоқ.

Автовоз Қытайда шығарылған жеті пикапты тасымалдап бара жатқан. Оның бесеуі механикалық зақымданған.

Қазір полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.