23 маусымда Алматы облысының таулы аймағынан 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өртенген денесі табылған еді, деп хабарлайды ult.kz.
Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерова күдікті ретінде қамауға алынды. Ал оқиға орнында болған үш кәмелетке толмаған жасөспірім үйқамаққа жіберілді.
Ulysmedia басылымы жасөспірімдердің адвокаттарымен тілдесіп, істің мән-жайына қатысты жаңа деректерді жариялады.
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, оның қорғауындағы жасөспірім марқұм Аслан Әлсеровтің ұлының досы болған. Оқиға болған күні ол досының үйіне ойын ойнауға барған.
"Сараптама тағайындадық. Қазір онымен психолог маман жұмыс істеп жатыр. Қорытындысын алған кезде белгілі болады. Өйткені мына жерде тергеушілер кәмелетке толмаған балаларға қысым жасап, алдын ала келісім жасаған. Олар кәмелетке толмаған балалар. Ой жоқ. Олар білмейді, жоспарламайды. Ана жерде ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болған. Балалар шокта болған. Қылмыстық кодексте бар нәрсе, «эксцесс соучастие» деген. Ол орысша айтқанда, "Не в то время, не в том месте" болған", – дейді Ғалым Нұрпейісов.