Өндіріп алынған қаржыны туыстарына аударған: Маңғыстауда сот орындаушысы тергеліп жатыр

Өндіріп алынған қаржыны туыстарына аударған: Маңғыстауда сот орындаушысы тергеліп жатыр
gov.kz

Маңғыстау облысында жеке сот орындаушысына қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ult.kz.

Бблыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратура қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығына тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру барысында жекелеген сот орындаушылардың борышкерлерден өндіріп алынған қаражатты өндіріп алушыларға аударуға арналған арнайы есепшоттан үшінші тұлғалардың, оның ішінде өздерінің жақын туыстарының шоттарына 3 миллион теңгеден астам қаржыны негізсіз аударғаны анықталған.

Осы факті бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокуратура мәліметінше, жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы әрі заң талаптарына сай орындалуына қатысты тексеру жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Таразда жеке сот орындаушысы 1,1 миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталған болатын.