Өмір бойғы үкімнен кейін: Сәрсемәлиевтің ісі апелляцияда қаралуы мүмкін

Өмір бойғы үкімнен кейін: Сәрсемәлиевтің ісі апелляцияда қаралуы мүмкін
egemen.kz

Атырауда бір отбасының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсті. Алайда шағымды сотталғанның өзі емес, басқа мекеме берген, деп хабарлайды ult.kz.

«Сот кабинеті» жүйесіндегі мәліметке сәйкес, апелляциялық шағым 2026 жылғы 29 шілдеде тіркелген. Атырау облыстық сотының мәліметінше, шағым Сәрсемәлиевтің өзінен түспеген.

Сот үкімі жарияланған кезде судья бірнеше мекеме басшысына қатысты жекеше қаулы шығарған. Апелляциялық шағым сол мекемелердің бірінен берілген.

Ал Сұлтан Сәрсемәлиевтің өзі әзірге апелляциялық сот алқасына жүгінбеген. Осыған байланысты қазіргі апелляциялық шағымның өмір бойғы жазаны өзгерту туралы емес, сот үкімінде көрсетілген басқа мәселелерге қатысты екені аңғарылады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 14 шілдеде Атырау облысында бұрынғы жұбайының туыстарын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны бірнеше қылмыс бойынша кінәлі деп танып, қауіпсіздігі ерекше түзету мекемесінде жазасын өтеуге үкім шығарған.