Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Он күннен кейін ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталады. Қысқы демалыс 30 желтоқсанда басталады.

Мектептердегі демалыс 2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында 11 күнге жалғасады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн каникул беріледі» делінген хабарламада.

Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған оқу уақытын бекітті:

  1. 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;
  2. оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері:

  1. 1-11 (12) сыныптар күзде 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы),
  2. қыста 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін),
  3. көктемде 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы) демалады.