Нұрай Серікбайдың өлімі: сотталған азаматтан 30 млн теңге өндірілді

Нұрай Серікбайдың өлімі: сотталған азаматтан 30 млн теңге өндірілді
Фото: instagram.com/ayankhan_omarov_advocate

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот одан жәбірленуші тараптың пайдасына 30 млн теңге өндірді, деп хабарлайды ult.kz Шымкент қаласының соттарына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, ол Нұрайға 35 рет пышақ жарақатын салған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан жәбірленуші қаза тапқан.

Сот Шерхан Аймаханды Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша кінәлі деп танып, қылмыстардың жиынтығы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталушыдан:

  • 25 млн теңге – моральдық зиян үшін;
  • 5 млн теңге – адвокат қызметіне кеткен шығын ретінде өндірілді.

Осылайша, жалпы 30 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, марқұмның отбасы айыпталушы тараптан 10 млрд теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы талап еткен еді.