Ақтауда «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Нива» автокөлігін тоқтатып, тінту жүргізген. Нәтижесінде есірткіге ұқсас зат салынған тоғыз пакет тәркіленді.
Кейін Ақтау қаласының 25-шағын ауданындағы күдіктіге тиесілі гараж да тінтілді. Ол жерден тағы төрт пакет және 85 дана зип-пакет табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазір тергеу жүріп жатыр.