Непалда соңғы аптада табиғи апаттар қайталанды. 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Nepal News мәліметінше, Непалдың әр өңірінде су тасқыны, көшкін, қар көшкіні және қатты дауыл болып, табиғи апаттардан қаза тапқандар саны 21 адамға жеткен, деп хабарлайды
Әлеуметтік желілерде Мананг ауданындағы туристік лагерьге қар көшкіні түскен сәттің видеосы да тарады.
Қазір елдің бірнеше аймағында табиғи апаттардың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құтқару қызметтері апат салдарынан зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірқатар елді мекенде жолдар жабылып, көлік қозғалысы қиындаған.
Билік тұрғындарды таулы аймақтарға бармауға және ауа райына байланысты ескертулерді қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар жоғалған адамдарды іздеу және бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.