Неке сарайында өлтірілген әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды

Неке сарайында өлтірілген әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды
depositphotos.com

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан 26 жастағы әйелдің екі баласы мемлекет қамқорлығына алынды. Қазір олар «Үміт» балалар үйіне орналастырылған, деп хабарлайды ult.kz.

КТК мәліметінше, балалардың алдағы уақытта кімнің қамқорлығына берілетіні заң аясында шешіледі.

Ақтөбе облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаевтың айтуынша, жағдай басқарма мен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балаларға қатысты шешім олардың заңды мүдделері ескеріле отырып қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірген. Күдікті қамауға алынды. Марқұм мен ер адам заңды некеде болмаған.