Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдымен қалай танысқаны туралы айтты

Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдымен қалай танысқаны туралы айтты
Коллаж: әлеуметтік желі

Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдымен қалай танысқаны туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы әсіресе балаларына қатысты сұрақтардың орынсыз қойылатынын айтты. Оның сөзінше, кей адамдар одан «Неге бір-ақ бала сүйдіңіз?» деп сұрайды.

«Маған “Неге бір баладан артық тумадың?” деп сұрайтын адамдарды қалай атарымды білмеймін. Мұны надандық па, әлде білімсіздік пе деуге болады. Құдайдың бергеніне қарсы келе алмаймыз ғой. Бір ұлымыз бар, соған шүкіршілік етеміз. Маған жақын адамдар мұндай жеке сұрақ қоймайды. Керісінше, алыстау таныстарым өмірімнің бәрін білгісі келеді», – деді Назгүл Қарабалина.

Актриса сұхбат барысында алғашқы күйеуі Азаматқа студент кезінде өзі бірінші болып ғашық болғанын да айтты. Оның айтуынша, ол кезде Азаматтың оған деген қызығушылығы болмаған.

«Шынымды айтсам, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан жоқ. Ал алғаш ғашық болған – мен едім. Оның назарын аударып, мені байқаса екен деп армандайтынмын», – деді өнер иесі.

Назгүл Қарабалина сол кездері сезімін арнайы альбомға жазып жүргенін еске алды. Ол жазбаларында Азаматпен шаңырақ көтеріп, оның ата-анасына қамқор болуды және тоғыз бауырымен жақсы қарым-қатынаста өмір сүруді армандаған.

«Уа, Алла! Егер Азамат маған назар аударып, біз отбасын құрсақ, оның зейнеткер ата-анасына қамқор боламын. Тоғыз бауырымен де жақсы қарым-қатынаста боламын. Тек бізді қоса гөр», – деп тілегенін айтты актриса.

Кейін Азамат кездейсоқ осы жазбаларды оқып қойған. Назгүл Қарабалинаның сөзінше, осыдан кейін оның өзіне деген көзқарасы өзгеруі мүмкін.

«Бір күні Азамат сол жазбаларды оқып қойыпты. Содан кейін ойланған шығар. Менің сезімім шынайы болды. Ал ол бастапқыда есеппен үйленді. Қазір, әрине, жақсы көреді», – деп сөзін қорытындылады актриса.