Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады

Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды.

Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, оның алдағы қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті академик Уәлихан Қалижанды қабылдады.

Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы академиктің төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.