TikTok-та тікелей эфирде балағаттаған әйелге 86 мың теңге айыппұл салынды

TikTok-та тікелей эфирде балағаттаған әйелге 86 мың теңге айыппұл салынды
webpromo.kz

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейпіл сөздер айтқаны үшін 86 500 теңге айыппұл арқалады. Мұндай шешімді Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды, деп хабарлайды ult.kz.

Іс материалдарына сәйкес, әйел 2026 жылғы 11 қазанда үйінен тікелей эфирге шығып, балағат сөздер қолданған. Сот мұны қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу деп бағалады.

Сот отырысында әйел кінәсін мойындаған. Оның әрекеті эфирдің бейнежазбасы арқылы дәлелденді.

Сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.