Әлеуметтік желіде NikoNett есімімен танымал, жынысын өзгерткен блогер Instagram парақшасында ауылға барғаннан кейін бастан өткерген әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Ult.kz, Paryz.kz-ке сілтеме қалдырып.
Блогердің айтуынша, ауылға келгеннен кейін жергілікті тұрғындар арасында түрлі әңгіме тарап, оның туыстары да жағымсыз пікірлерге тап болған.
«Мен ауылға келгенде бүкіл ауыл шулап кетті. Намыстары оянып кеткен сияқты. Тәтемді мазақтады. Қызық екен, басқа жағдайларда намыстары ұйықтап қала береді екен», - деп жазды ол.
Сондай-ақ NikoNett болған жағдайдың өзіне ауыр тигенін айтып, қайтадан қалаға қайтып бара жатқанын жеткізді.
«Қайтадан қалаға бара жатырмын. Жылағым келіп тұр. Сонша адамдарға не істеп қойғанымды білмеймін. Тәтем “қал” деді, бірақ мен үшін оған сөз тигенін қаламаймын», - деп жазды блогер.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір білдіріп, бір бөлігі блогерге қолдау көрсетсе, енді бірі оның ауылға қатысты айтқан ойына қатысты өз көзқарасын жеткізді.