Музыкалық сыншы Сергей Соседов баспалдақтан құлап, қайтыс болды

Музыкалық сыншы Сергей Соседов баспалдақтан құлап, қайтыс болды
ашық дереккөз

Белгілі ресейлік журналист, музыкалық сыншы әрі тележүргізуші Сергей Соседов 58 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.

SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, Соседов 23 қыркүйекте Нерюнгриде көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге баспалдақтан сәтсіз құлап қалуы себеп болған.

Сергей Соседов Нерюнгри қаласына «Қиыр Шығыстың інжуі» халықаралық сұлулық және сән байқауының қазылар алқасының құрамында болу үшін барған.

Соседов «Акулы пера» бағдарламасына қатысқаннан кейін кеңінен танымал болды. Кейін «Х-фактор», «Суперстар! Возвращение» жобаларында қазылық етті. Сондай-ақ НТВ арнасындағы «За гранью» ток-шоуын жүргізді.