Freedom Inside '26

Мүгедек болып қайыр сұраған ер адамның айласы ашылды (ВИДЕО)

Мүгедек болып қайыр сұраған ер адамның айласы ашылды (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Қайыр сұрап жүрген “мүгедек” ер адамның айласы әшкере болды, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желілерде өзін мүмкіндігі шектеулі жан ретінде көрсетіп, жұрттан ақша сұрап жүрген ер адамның шын бейнесі әшкере болған видео тарады. Оқиға Өзбекстанда болған. 

Кадрларда ер адам кезекті өтіп бара жатқан адамнан көмек сұрамақ болған сәтте күдік тудырады. Байқағыш азамат оның қолын күртешесінің ішіне жасырып тұрғанын аңғарып, сырт киімінің сырмасын ашады. Нәтижесінде ер адамның екі қолы да сау екені анықталған.

Желі қолданушылары бұл әрекетті жұрттың жанашырлығын пайдаланып, алдау арқылы ақша табудың кезекті мысалы ретінде бағалап жатыр.