Моңғолияда 1212 жылы салынған Шыңғысханның әскери бекінісінің орны табылды

Моңғолияда 1212 жылы салынған Шыңғысханның әскери бекінісінің орны табылды

1212 жылы салынған Шыңғысханның «Чинхай» әскери бекінісінің орны табылды. Бұл туралы 27 наурызда болған баспасөз мәслихатында моңғол-жапондық бірлескен экспедициясының «Писания» зерттеу тобы мәлімдеген, Gogo порталына сілтеме жасаған Сa-news.org. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Сa-news.org хабарлауынша, бұл бекіністің Говь-Алтай аймағындағы Шаргада, нақтырақ Халзан Ширэг жерінде орналасқаны атап өтілген.

Сонымен бірге қыркүйекте жүргізілген қазба жұмысынан кейін осы жерден  13-ші ғасырға жататын құдай мүсінінің сынықтары табылған.