Мөлдір Мұқан отбасындағы үш маңызды оқиғаны бір мерекелік кеште атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.
Салтанатты жиыннан жарияланған фото мен видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік балалардың әкесі Тұрсынбек Қабатовтың кешке қатыспағанына назар аударды.
Мөлдір Мұқан үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдауын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндетке отырғызылуын бір кеш аясында атап өтті. Желі қолданушылары балалардың өміріндегі маңызды белестерді ерекше форматта тойлаған отбасыға ақжарма тілектерін жолдады.
Мерекелік кешке қазақ эстрадасының бірқатар танымал өнерпаздары қатысып, ән айтып, ізгі тілектерін жеткізді.
Алайда әлеуметтік желіде жарияланған жазбалардың астында Тұрсынбек Қабатовтың салтанатты шараға қатыспауы қызу пікірталас тудырды. Кейбір қолданушылар балалардың өміріндегі маңызды сәтте әкесінің де болғаны дұрыс болар еді деген пікір білдірсе, енді бірі оның жоқтығына өкініш білдірген.
Тойда қонақ болған әрбір жанға Мөлдір Мұқан муассанит бриллианттарын таратқан.