Қазақ ұлттық өнер университетінде Меруерт Өтекешеваға қатысты шу шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Студенттер ұстазына қарсы жазылған арыздарды өз еріктерімен жазбағандарын айтып, жағдайға байланысты наразылық білдірді.
Олардың айтуынша, факультет деканы Ернияз Бірімқұлов студенттерге қысым жасап, жасырын жиналыстар өткізіп, арыз мәтінін өзі дайындап берген. Жастар мұндай әрекеттер оқу процесіне кедергі келтіргенін айтып, әділетсіздікке қарсы шыққан.
Ал Халық әртісі Меруерт Өтекешева бұл жағдайды өзінің беделіне нұқсан келтіру мақсатында ұйымдастырылған әрекет деп санайды. Университет басшылығы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Ол әріптесімен 4 жыл бірге қызмет еткен.