Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Ақорда

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.