Freedom Inside '26

Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ult.kz. 

Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.