Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилиді және оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ult.kz. 

Президент жеделхатта достық пен өзара құрметке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Грузия халқына бақ-береке тіледі.