Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды
Ақорда

Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді, деп хабарлайды ult.kz. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. 

Бүгін Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. 

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.