Freedom Inside '26

«Мейрамгүлдің заттары»: Атыраудағы қайғылы іске қатысты жаңа дерек айтылды

«Мейрамгүлдің заттары»: Атыраудағы қайғылы іске қатысты жаңа дерек айтылды
Коллаж: kznews.kz

Атырау облысында жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасыға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, деп ult.kz  kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жангелдин ауылындағы Қарабалиндер тұрған үйде түсірілген видеода отбасы мүшесі Мейрамгүл Қарабалинаның жеке заттары көрсетілген. Қазіргі уақытта бұл заттар сарайда сақтаулы тұрғаны айтылады.

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісіне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Бұған дейін судья Зарема Хамидуллина 9 маусымдағы отырыста іс материалдарындағы бейнежазбалар көрсетілетінін және одан кейін сотталушыдан жауап алынатынын айтқан еді.

Сондай-ақ судья Сәрсемәлиевке келесі отырысқа дайындалып келу керегін ескерткен. Алайда сот залына барған журналистердің хабарлауынша, отырыс 11 маусымға ауыстырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Kursiv Media Атырау облысы Жангелдин ауылындағы Қарабалиндер тұрған үйден түсірілген видеоны жариялаған.