Мәслихат депутаттарын сайлауға 35,8 млрд теңге жұмсалады

Мәслихат депутаттарын сайлауға 35,8 млрд теңге жұмсалады
ашық дереккөз

Қазақстанда 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына 35,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оның айтуынша, сайлауды өткізуге арналған бюджет Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен келісілген.

Бөлінген қаражаттың басым бөлігі сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Шамамен 70 пайызы учаскелік сайлау комиссиялары қызметкерлерінің жалақысына бағытталады.

Бортниктің мәліметінше, мәслихат сайлауына қосымша 3 022 округтік комиссия қатысады. Олардың құрамында 15 110 адам жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашаға белгіленген. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, ел бойынша депутаттыққа 10 971 кандидат тіркелген.