Астанада Zeekr мен автобус соқтығысты: 4 адам ауруханаға түсті

Астанада Zeekr мен автобус соқтығысты: 4 адам ауруханаға түсті
Astana TV

Астанада Zeekr электромобилі мен Yutong қалалық автобусы соқтығысып, төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ult.kz.

Жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында болған.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Zeekr жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жағынан келе жатып, бағдаршамның рұқсат беретін белгісі жанған кезде солға бұрылған. Алайда бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Yutong автобусына жол бермеген.

Салдарынан екі көлік соқтығысқан.

Жол апатынан Zeekr жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Zeekr автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.