Марқұм Мадихан Азаматтың туыстары мәлімдеме жасады

Марқұм Мадихан Азаматтың туыстары мәлімдеме жасады
Коллаж: видеодан кадр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 сарбаздың ішінде Мадихан Азамат та бар,, деп хабарлайды ult.kz.

Оның туыстары әлеуметтік желіде тараған шақырту қағазы мен ИИ фото, видеоларды өшіруді талап етті. Егер мәлімдеме назарға ілінбесе, кінәлілер заң алдында жауап бермек. 

«Тойға шақыру билетін, ИИ арқылы жасалған әртүрлі видеоларды және Азамат Болатбекұлының фото, видеоларын жариялаған азаматтардан оларды өшіруді талап етеміз. 1-2 күннің ішінде өшірмесеңіздер, заң аясында әрекет етеміз. Мәдіхан Азамат Болатбекұлының отбасынан», - деп жазды марқұмның туыстары. 

Сонымен қатар желідегілер қайғылы оқиғаға арнап жасалған ИИ фото-видеоларды жасағандарға шағымданды.