Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Зейнет Әділеттің қайта шаңырақ көтергені әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды ult.kz SadaqMedia-ға сілтеме жасап.
Бұл тақырып Threads платформасындағы қолданушылардың бірінің жарияланымынан кейін қызу пікірталасқа ұласты. Автор жазбасында Ұлдана Мырзуанның өмірден өткенінен кейін болған кейбір жайттарға қатысты өз ойын білдіріп, марқұмның отбасы туралы пікірін жазған.

Аталған жазба әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшілік арасында әртүрлі көзқарас қалыптастырды. Бірі Зейнет Әділеттің жеке өміріне құрметпен қарау керектігін айтса, енді бірі марқұм Ұлдананың тағдырын еске алып, өз пікірлерін білдіруде.

Айта кетейік, жазбада келтірілген мәліметтер Threads желісіндегі қолданушының жеке пікірі мен мәлімдемесі болып табылады. Онда айтылған ақпараттың ресми түрде расталғаны туралы мәлімет жоқ.
