Марқұм фельдшердің анасы Руслан Өтепбайға сұхбат берді

Марқұм фельдшердің  анасы Руслан Өтепбайға сұхбат берді
Коллаж: ult.kz

23 жасында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды ult.kz.

Қызметтік міндетін атқару кезінде небәрі 23 жасында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, қызының өліміне қатысты бірқатар маңызды жайтты айтып берді.

Сұхбат барысында анасы Ұлдананың қазасынан кейінгі жағдайға тоқталып, қызынан қалған дүние-мүлікке байланысты туындаған дауға қатысты өз нұсқасын жеткізді.

Сондай-ақ ол күйеу баласының кейін қайта үйленуі, марқұм Ұлдананың артында қалған мүлікке қатысты мәселе және даудың өзегіне айналған 20 миллион теңге туралы сөз қозғады.

Анасының айтуынша, бұл жағдай отбасы үшін ауыр қазаға қоса, шешілмеген бірқатар мәселені де қалдырған.

Толық сұхбатта Ұлдананың анасы қызының соңғы күндері, қазасынан кейінгі жағдай және отбасында туындаған дауға қатысты пікірін ашық айтты.