Freedom Inside '26

Маралға пицца берген әйел елдің ашуына тиді

Маралға пицца берген әйел елдің ашуына тиді
Фото: видеодан кадр

Бурабайда маралға пицца беріп, жастармен ұрсысқан әйел елдің ашуына тиді,  деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Гүлмира Әбіқай жазды.

«Біз не көрмедік? Маралға пицца берген әйелді де көрдік. Хайуанаттар бағындағы жануарларды қолмен тамақтандыруға тыйым салынады деп бадырайып жазылып тұр. Жанындағы жастар “Бермеңіз, бұл фаст-фуд қой” деп шырылдап кетті.

Сонда да, өз пиццам өзім білемін дейтін жандарды не істесек екен? Заң не дейді?», -  деп жазды ол.