Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосымен жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл бейнежазба 2002 жылы қызы Мерейдің шілдеханасында түсірілгенін айтты.
"Мерейдің шілдеханасынан естеліктер", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл бейнежазбаны жылы қабылдап, естелік айтты.
"Ағамыздың шынайы болмысы осы видеода. Үлкені-кішісі, бастығы-өнер адамы — бәріне бірдей қарап, көңілі көлдей болып, күліп, құшағын ашып қарсы алатын", "Қандай жақсы адам болған, кішкентай балаларды да құрметпен қарсы алып жатыр, мен әкіммін деп шіреніп тұрған жоқ", "Есімізде осы әдемі дауысы мен жарқын бейнесімен қалды", "Қандай күшті естелік, кино көргендей қарап отырмын", – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова әріптестеріне жылы лебізін арнады.
Мақпал Жүнісова кім?
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова — қазақ эстрадасының танымал әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Ол 1964 жылғы 11 қаңтарда Қарағанды облысының Теректі ауылында дүниеге келген. Шығармашылық жолын «Гүлдер» ансамблінде бастап, кейін «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Назерке» ансамблін ұйымдастырған.

Әншінің репертуарында халық әндері мен лирикалық шығармалар бар. Оның орындауындағы «Ғашық жүрек», «Қыз ғұмыр», «Фариза қыз», «Қоштасу» әндері тыңдарманға кеңінен таныс. Мақпал Жүнісова 1994 жылы Қазақстанның халық әртісі атанып, 1999 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.