Маңғыстауда үш адам мінген үрлемелі қайықты теңізге жел алып кеткен

Маңғыстауда үш адам мінген үрлемелі қайықты теңізге жел алып кеткен
ТЖМ

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қатты жел салдарынан үш адам мінген үрлемелі қайық ашық теңізге қарай ағып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға өткен түні Каспий теңізінің жағалауында болған. Қатты желдің әсерінен қайықтағы үш адам жағалаудан алыстап кеткен.

Оларды іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу шыққан.

Құтқарушылар үш адамды тауып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ азаматтарға жел күшейген кезде суға шықпауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.