Ақтау қаласында 4 келіден астам гашиш есірткісі тәркіленіп, есірткіні жеткізудің тұрақты арнасы жойылды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz жазуынша, Маңғыстау облысы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында еліміздің оңтүстік өңірлерінен каннабис тобына жататын аса ірі көлемдегі есірткіні жеткізу арнасы анықталған.
Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері мамыр айының соңында Ақтау қаласында күдікті ер адамды ұстаған.
Тінту кезінде гашиш салынған төрт пакет тәркіленіп, сараптама қорытындысы олардың жалпы салмағы 4 келіден асатынын растады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ведомство өкілдері есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген құқық бұзушылыққа заң аясында қатаң шара қолданылатынын ескертті.