Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға 9 шілде күні тіркелген, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысушылардың жеке басы анықталып, олар ұсталған.
«Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ», – деп хабарлады полиция.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.