Freedom Inside '26

LRT нысандарын 100-ден астам қызметкер күзетеді

LRT нысандарын 100-ден астам қызметкер күзетеді
Астана әкімдігі

Астанада LRT жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Мәліметке сәйкес, рельсті көлікпен тәулігіне шамамен 60-70 мың жолаушы қатынайды. Ал мереке және демалыс күндері бұл көрсеткіш екі есеге дейін артады. Осыған байланысты станциялар мен пойыздардағы қауіпсіздікке ерекше назар аударылып отыр.

Күн сайын LRT нысандарында көлік полициясы мен Ұлттық ұланның 100-ден астам қызметкері патрульдік қызмет атқарып, профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

«LRT – қауіптілігі жоғары көлік нысандарының қатарына жатады. Сондықтан жолаушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру аса маңызды», – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов.

Сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, ақпарат алмасуды жеделдету және полиция қызметкерлері мен LRT мамандарының жұмысын үйлестіру үшін бірыңғай радиобайланыс жүйесі енгізілген.

Тәртіп сақшылары адамдар көп жиналатын орындарда профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.