Лондонда құны 250 млн доллар болатын криптовалюта тәркіленді

Лондонда құны 250 млн доллар болатын криптовалюта тәркіленді


Лондон полициясы 180 миллион фунт стерлинг немесе шамамен 250 миллион доллар болатын рекордтық криптовалютаны тәркіледі, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұл қаражатты қылмыскерлер Лондонда заңдастырған. 

Осылайша, 24 маусымдағы рекорд жаңартылды. Ол кезде құны 114 миллион фунт криптовалюта тәркіленген болатын - шамамен 160 миллион доллар.

Жаңа тәркілеуге байланысты полиция 24 маусымда ақшаны заңдастырды деген күдікпен қамауға алынған әйелді қайта сұрастырғаннан кейін кепілдікпен босатты.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.