Локализациялау деңгейін тереңдету және қосылған құны жоғары өнім шығару: Премьер-министр Qarmet компаниясынның автомобиль болаты жобасын қолдады

Локализациялау деңгейін тереңдету және қосылған құны жоғары өнім шығару: Премьер-министр Qarmet компаниясынның автомобиль болаты жобасын қолдады
forbes.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында локализациялау қарқынын арттыру, оның ішінде жеке автокөлік брендтерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл экономиканың дамуы үшін де, Қазақстанның беделін арттыру тұрғысынан да маңызды. Премьер-министр отандық автомобиль болат өндірісін игеру жобасының стратегиялық маңыздылығын баса айтты.

«Негізгі міндет – құнның барынша көп бөлігін ел ішінде сақтау үшін локализациялау деңгейін барынша тереңдету. Мемлекеттік қолдауы және бизнестің белсенді қатысуымен осы бағытта, соның ішінде өзіміздің автомобиль брендтерімізді дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Бұл экономика тұрғысынан да, еліміздің беделін арттыру тұрғысынан да өте маңызды.

Біз бірлесіп жақсы нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Автомобиль болаты өндірісі стратегиялық маңызға ие. Біздің мүмкіндіктеріміз бола тұра, ондаған жылдар бойы елімізде автомобиль болаты өндірісін жолға қоя алмағанымыз таңғалдырады. Сондықтан бұл (автомобиль болаты өндірісі бойынша) жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолдаймыз. Мұнда болат зауыты мен автомобиль өнеркәсібі арасында тиімді ықпалдастық қалыптасып отыр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Премьер-министр.