Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған мейірбике ұсталды

Қызылордада жалған вакцинация паспортын жасаған мейірбике ұсталды


Қызылордалық полицейлер жалған вакцинация паспортын жасаған мейірбике ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қызылорда облысы Полиция департаменті аталған бағытында жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Нәтижесінде емхананың бірінің медбикесінің Қызылорда қаласы тұрғынына коронавирусқа қарсы жалған вакцинация паспортын жасау дерегін анықтады. 

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

«Қазірге дейін облыста осындай жолмен ақпараттық жүйеге енгізгені үшін және жалған ПЦР-тест дайындау, өткізу, пайдалану бойынша 4 дерек тіркелген. 

Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабымен төрт жылға дейінгі және 206-бабы бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.